Жеке Кабинет KZ RU

Жария тыңдау

     Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғимонополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті  2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 1500-де қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның электрэнергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау) қызметтеріне арналған шекті бағасының жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

     Жария тыңдау мына мекенжайда өткізіледі: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәжіліс залы.

     Осыған байланысты, Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғимонополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.

     Анықтама үшін телефон: 8(7282) 246361, 242680;

     Ресми интернет ресурс www.kremzk.gov.kz;

     «Жетысу Энерготрейд» ЖШС - 8(7282) 23-53-56.

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты