Жеке Кабинет KZ RU

Жаңа тарифтер 01.02.2023

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығына сәйкес 2023 жылға жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы көлемі 1 кВт/сағ. 1,77 теңгеден 2,21 теңгеге ұлғайды.

ҚР ҰЭМ-нің  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 79-НҚ, 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №101-НҚ бұйрықтарымен,  ҚР ҰЭМ-нің  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 81-НҚ және 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 93-НҚ бұйрықтарымен, сондай-ақ ҚР ҰЭМ-нің  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 10-НҚ  бұйрығына сәйкес электр энергиясын  беруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтері көтерілді .

Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің 2023 жылдың 24 қаңтардағы                     № 33-04-10-01/69 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-і Жетісу облысы тұтынушыларына электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап  көтерілетінін хабарлайды.

Тұтынушылар тобы мен тарифтер

 

Тұтынушылар санаттары

1 кВтсағ.

ҚҚС-ті қоса есептегенде

теңге

1-топ

тұтынушылары

Электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтажы үшін пайдаланатын жеке тұлғалар (тұрмыстық тұтынушылар)

19,00

Т1 тарифі

 Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшін белгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 70 кВтсағ дейін)

18,77

Т2 тарифі

Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшінбелгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 70-тен 130 кВтсағ дейін)

22,79

Т3 тарифі

Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшін белгіленген шама шегінде (айына 1 адамға  130 кВтсағ жоғары)

28,47

2-топ

тұтынушылары

Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге  пайдаланатын заңды тұлғалар (тұтынушы),

32,2448

3-топ

тұтынушылары

Электр энергиясын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар

26,3200

4-топ

тұтынушылары

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  заңды тұлғалар

46,9952

«Жетысу Энерготрейд» ЖШС

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты