Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Алакөл ауданының жылу беру маусымына магистральдық желілерді дайындау 13-20 қыркүйек 2022

Алакөл ауданының жылу беру маусымына магистральдық желілерді дайындау 13-20 қыркүйек 2022

Электр энергиясын тұтынушылар назарына!

            Алакөл ауданын  сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында,  магистральды желілерді алдағы жылыту маусымына дайындық жасау үшін 2022 жылдың 13-20  қыркүйек аралығында күн сайын сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін Алакөл ауданын электр қуатымен қамтамасыз ететін 110 кВ « Қабанбай» №181  Қосалқы станциясынан  №161 электр беру желісі күрделі жөндеуге шығарылатынын хабарлаймыз.

         110 кВ №161 электр беру желісін сөндіру кезінде Үшарал қаласының тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін электрмен жабдықтау 35/10 кВ № 175 «Үшбұлақ» қосалқы станциясынан 35 кВ № 76 әуе электр беру желісі арқылы,  қолданыстағы 35 кВ электр беру желісінің шектеулі қуаттылығына байланысты 1,5 МВт шектеулі көлемде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған жұмыстар жүргізілмесе, күзгі-қысқы кезеңде ауыр зардаптарға  әкеп соғуы мүмкін.

           Электр жабдығының авариялық тоқтауын болдырмау және электрмен жабдықтау сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

«Жетысу Энерготрейд» ЖШС

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты