Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Қазақстанда 7 компанияға электр энергиясы тарифтерін көтеруге рұқсат берілді

Қазақстанда 7 компанияға электр энергиясы тарифтерін көтеруге рұқсат берілді

ҚР Энергетика министрлігі мамырда энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерін қайта қарауды жоспарлап отыр – қолданысқа 2023 жылғы 1 маусымнан бастап енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Жалпы, 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. 20 энергия өндіруші ұйым үшін тариф бұрынғы деңгейде сақталады.

Өтінімдерді қарау кезінде ҚР Энергетика министрлігі әрбір жеке жағдайда жеке тәсілді қолданды. Энергия өндіруші ұйымдарды негізгі және қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ауқымды жөндеу жүргізе отырып, алдағы жылыту маусымына дайындаумен байланысты уақтылы шешуді талап ететін өтінімдер назарға алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуаттарының тозуы шамамен 58 пайыз болады, бұл ретте бірқатар ЖЭО-да тозу деңгейі 90 пайызға дейін жақындайды.

"Бұл Степногор ЖЭО – 82 пайыз, Риддер ЖЭО – 75 пайыз, Орал ЖЭО – 86 пайыз. Жыл сайынғы тозудың өсуі – жөндеу жұмыстары ЖЭО сенімділігі мен апатсыздығын қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде емес, тек тарифте көзделген көлемде ғана жүргізілетініне байланысты.

Жалпы алғанда, шекті тариф жобасы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты, материалдар мен жабдықтар құнының өсуін, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз, оның ішінде отын мен оны тасымалдау құнының артуына байланысты шығындарды ұлғайтуды көздейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде станция қызметкерлерінің жалақысының деңгейін тиісті өңірлер бойынша орташа деңгейге дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды. Шекті тариф жобасында өндірістік персоналдың жалақысының ұлғаюы да ескеріледі. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан экономиканың аралас салаларына жоғары білікті мамандардың кетуін тоқтатуға бағытталған.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін арттырудың халықтың әлеуметтік әл-ауқатына әсеріне талдау жүргізіп жатқаны айтылды.

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты