Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Құрметті электр қуатын тұтынушылар!

Құрметті электр қуатын тұтынушылар!

Құрметті электр қуатын тұтынушылар!

          ҚР Энергетика министрінің м.а «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» №313 бұйрығы негізінде (ҚР Энергетика министрінің 14.12.2018ж №514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығы)2019 жылдың 1 қазанынан  бастап электр станцияларының шекті тарифтері өзгерді.

Аталған бұйрыққа сәйкес, шекті тарифтер көтерілді: «Текелі энергокомплексі» 61,9% немесе 3,90 теңгеге(6,3 теңгеден 10,2 теңгеге көтерілді), «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС-і»68,3%немесе4,88 тенге(7,14 теңгеден 12,02 теңгеге көтерілді), «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ 5,7% немесе 0,42 тенге(7,31 теңгеден 7,73 теңгеге көтерілді).

          Энергия өндірушілердің тарифтерінің өзгеруі  біздің өңірді энергиямен қамтамсыз етуші мекемелердің тарифтеріне әсер етеді, өйткені электр станциялар тарифі электрмен қамтамасыз ету тарифінің құрама бөлігі болып табылады.

          Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,  электр қуаты  тарифтерінің өзгеруі күтіліп отырғанын хабарлаймыз.

          Киловаттардың қымбаттауы отбасылық бюджетке әсер ететінін, бизнес мүддесін қозғайтынын түсінеміз. Бірақ, осы жағдайда  электр станциялар мен электр қуатын тасымалдау ұйымдарына төлемқабілеттілікті сақтап қалу,  сонымен қатар Талдықорған өңірі тұтынушыларын электр қуатымен  үздіксіз, сенімді қамтамасыз ету үшін жалғыз  мәжбүрлі шара болып табылады.          

          Бұл шара, кепілді электр қуатын жеткізуші ретінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-не, Талдықорған өңірі тұтынушыларын электр қуатымен лайықты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 «Жетысу Энерготрейд» ЖШС

 

 

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты