Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

ҚР Энергетика министрлігі ЖЭК-тің (жаңартылған энергия көздері) тарифтерін генерациялаудың дәстүрлі тәсілімен алынған электр энергиясының тарифтерінен бөлді. Осылайша, Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қайта қаралып, 2021 жылғы 01 шілдеден бастап жаңартылатын энергия көздерін қолдауға сағатына - 1,76 тг/кВт коэффициентін қолдана отырып үстеме ақы тетігі енгізілді.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 24 маусымдағы № 211 бұйрығына сәйкес  ЖЭК коэфициенттерін қолдануға орай энергия өндіруші ұйымдардың  шекті  тарифтері қымбаттады.

Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың 18 тамыздағы № 03-18-2/1463  хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-і Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап заңды тұлғаларға көтерілетінін хабарлайды. ҚҚС-ті  қоса есептегенде тариф:

  • заңды тұлғаларға – 29,7136 теңге;
  • ӘМБАТТ өндіруші заңды тұлғаларға- 24,0240 теңге;
  •  бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға- 43,3104 теңге болады.

   Жеке тұлғаларға (тұрмыстық тұтынушылар) тариф өзгіріссіз қалды.

Тариф жөніндегі ақпаратпен толығырақ www.tkjet.kz сайтында таныса аласыздар.

 

«ЖетысуЭнерготрейд» ЖШС

 

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты