Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Қаратал ауданында электр қуаты уақытша сөндірілді

Қаратал ауданында электр қуаты уақытша сөндірілді

Қаратал ауданын  сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында  «ТАЭТК» АҚ  2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өтуі кезінде жиі сөніп, сымдардың үзілуі болған қарқынды мұз түзілу учаскесінде   110 кВ №102, №103 «Талдықорған-Үштөбе» әуе желілерін күрделі жөндеуден (сымдарды ауыстыру, қосымша бағандарды орнату, ақаулы оқшаулағыштарды ауыстыру) өткізуді жоспарлап отыр.

            Осыған байланысты, 2022 жылғы 10 тамыз бен 18 тамыз аралығында сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін (түнгі қосумен) тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қоспағанда, Қаратал ауданын электрмен жабдықтау тоқтатылады.

Жоғарыда аталған жұмыстар жүргізілмесе, күзгі-қысқы кезеңде ауыр зардаптарға  әкеп соғуы мүмкін.

           Электр жабдығының авариялық тоқтауын болдырмау және электрмен жабдықтау сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты