2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр энергиясының бағасы көтеріледі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №226 бұйрығына сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтері көтерілді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығына сәйкес 2022 жылға жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы көлемі 1 кВт/сағ. 1,76 теңгеден 1,77 теңгеге ұлғайды.
ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №101-НҚ, 2021 жылғы 16 тамыздағы № 101-НҚ, ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің (бұдан былай ТМРКД) бұйрықтарына сәйкес электр энергиясын беруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтері көтерілді .
Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2022 жылдың 22 тамыздағы № 03-13-1/1374 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-і Жетісу облысы тұтынушыларына электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап көтерілетінін хабарлайды.
Тұтынушылар тобы мен тарифтер |
Тұтынушылар санаттары |
1 кВтсағ. ҚҚС-ті қоса есептегенде теңге |
1-топ тұтынушылары |
Электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтажы үшін пайдаланатын жеке тұлғалар (тұрмыстық тұтынушылар) |
17,76 |
Т1 тарифі |
Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшін белгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 70 кВтсағ дейін) |
17,56 |
Т2 тарифі |
Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшінбелгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 70-тен 130 кВтсағ дейін) |
21,32 |
Т3 тарифі |
Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшін белгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 130 кВтсағ жоғары) |
26,63 |
2-топ тұтынушылары |
Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге пайдаланатын заңды тұлғалар (тұтынушы), |
30,5536 |
3-топ тұтынушылары |
Электр энергиясын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар |
24,9424 |
4-топ тұтынушылары |
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар |
44,5312 |
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС