Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Маңызды хабарландыру! / Алаяқтардан сақ болыңыз

Алаяқтардан сақ болыңыз

Құрметті электр қуатын тұтынушылар,

Жетісу облысының тұрғындары!

 

            «Жетысу Энерготрейд» ЖШС соңғы уақытта  Талдықорған, Текелі қалалары, Жеңдік, Каратал ауылдарындың тұтынушыларын еуропа ұлттың,  35-40 жас шамасындағы ер адам аралап,   электр желілерінде болып жатқан  жоспарлы жөндеулерге, трансформаторларды ауыстыру жұмыстарын өткізу байланысты, электр қуатын бірнеше күнге сөндірулер болатынын  және ақша төлесеңдер басқа желілерге қосып сөндіру жасамауға көмек көрсету үшін алдап ақша алу  жағдайлары кейінгі кезде орын алғаны  және  алаяқ тұлғаның ұсынған қызметі заңсыз, электр қуатын беруші ұйым – «ТАЭТК» АҚ, электр қуатымен жабдықтаушы ұйым –«Жетысу Энерготрейд» ЖШС  аталған қызметті көрсетпейтіні туралы ескертеміз!

         «Жетысу Энерготрейд» ЖШС іс қағаз тасушылары тек жұмыс күндері ғана тұтынушыларға қызмет ететіні, кәсіпорын мөрі басылған бейдждері және қызметтік  куәліктері бар екендігі туралы ескертеміз. «Жетысу Энерготрейд» ЖШС іс қағаз тасушылары тұтынушылардан қолма-қол ақша  жинамайтыны туралы хабарлаймыз!

         Осыған орай,  өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін абай болыңыздар, келген адамның қай ұйымнан келсе де, сол ұйымның жұмыскері екенін дәлелдейтін құжаттарын тексеріңіздер.

 Жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты облыс тұрғындарына,  алаяқтық әрекеттерге тап болған немесе «Жетысу Энерготрейд» ЖШС  жұмыскерімін деп мәлімдейтін  күдікті тұлғалармен  кездескен жағдайда шұғыл тұрде  жергілікті ішкі істер органдарына немесе 102 байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.


 

«Жетысу Энерготрейд» ЖШС  

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты