Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Желілерге қосылу туралы сұрақ-жауап

Желілерге қосылу туралы сұрақ-жауап

«ТАЭТК» АҚ Электр желілеріне жалғануға берілетін

техникалық шарттар туралы

 

1.      Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттарқандай нормативтік актілер негізінде беріледі?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидалары негізінде Электр желілеріне жалғануға    техникалық шарттар беріледі.

2.      Қандай жағдайларда техникалық шарттар беріледі?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды мынандай жағдайларда:

         1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

3.      Энергия беруші ұйым техникалық шарттарды қандай  мерзімде беру керек?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
        - қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі - кВт) дейінгі электр қондырғыларына - 5 жұмыс күнінің ішінде;

-қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 10 жұмыс күнінің ішінде;

-қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 15 жұмыс күнінің ішінде.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.

 

4.      Техникалық шарттар беру ақысы қанша?

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

5.      Техникалық шарт алу үшін өтінішті қайда беруге болады?

   «ТАЭТК» АҚ  электр желісіне қосылу үшін тұрғылықты жері бойынша орналасқан «ТАЭТК» АҚ-ның жергілікті бөлімшесіне (АЭЖТ) белгіленген үлгіде (1 қосымша) өтініш жазады. Өтінімге төмендегі құжаттар қоса ұсынылады:

1) Жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе

жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері;

2) ситуациялық жоспар;

3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы

орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;

4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар;

тұтынушылар өтінімге жобалық қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар

мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген тұтынушыны электрмен сырттай

жабдықтау схемасын қоса ұсынады. Тұтынушыны электрмен сырттай

жабдықтау схемасы электрлік желілеріне жалғану жоспарланатын

энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

1.          Электр құрылғыларды салуға қайта жөндеу немесе жаңғырту (техникалық шарт талабына сәйкес) жобалық құжаттары қандай мерзімде келісілуі керек?

Электр құрылғыларды салуға қайта жөндеу немесе жаңғырту (техникалық шарт талабына сәйкес) жобалық құжаттары құрылыс-монтож жұмыстары басталғанға дейін «ТАЭТК» АҚ-мен келісіледі.

       Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:

қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына - 3 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 7 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 12 жұмыс күнінің ішінде.

Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.

 7.   Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуымен электр құрылғыларын пайдалануға беру қандай құжатпен рәсімделу керек?

        Электр қондырғылары пайдалануға енгізілгенге дейін қабылдау-тапсыру сынағынан өтеді және тұтынушы оны құрастыру-реттеу ұйымынан акт бойынша қабылдайды.

 

     8.  Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда қайда жүгіну керек?

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға келген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым аталмыш тұтынушыға қатысты мәселелер шегінде барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан өтінім береді.

Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.

         9. Электрқұрылғысын пайдалануға беру алдында энергетикалық сараптама жүргізеді?

  Электрқұрылғысын пайдалануға беру алдында, электрқұрылғы энергетикалық сараптамадан өткізілмейді.

Техникалық шарттарды алу туралы толық ақпаратты «ТАЭТК» АҚ-ның  техникалық шарттарды беру бөлімінен жұмыс күндері  87282-23 42-87 телефоны бойынша ала аласыздар.

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты