Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Коммуналдық қызметке тарифтер қашан және қаншаға өседі? Министр жауабы

Коммуналдық қызметке тарифтер қашан және қаншаға өседі? Министр жауабы

Шілдеден бастап елімізде электр энергиясына тариф көтеріледі. Ал күзде қазақстандықтар жаңа тарифтермен есептелген жылу мен ыстық су түбіртектерін ала бастайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуантыровтың айтуынша, республика бойынша тарифтердің орташа өсімі аймаққа және табиғи монополия субъектісіне байланысты 10-нан 30 пайызға дейін болады.

"Негізгі үлес бюджеттік ұйымдарға түседі, мұны халыққа барынша жеңіл істейміз", - деді Қуантыров Мәжіліс қулуарында.

Алдағы өсім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және тозығы жеткен желілерді жаңғырту қажеттілігіне байланысты. Осыған байланысты электр және жылумен қамтамасыз етуден бөлек, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері де қымбаттайды.

"Суға (өсім. - еск.) жоспарланып отыр, өйткені сумен жабдықтау және канализацияда да өте тозған желілер бар, оларды жөндеу керек. Әсіресе - суды бұру. Ол жерге қазірдің өзінде үлкен инвестиция қажет", - деді министр.

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты