Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Серіктестіктің тарихы

Серіктестіктің тарихы

Электрмен жабдықтау және электр қуатын  өткізу  қызметтерінің  бөлінуі  кезінде,  Қазақстан Республикасының  2004 жылғы 9 шілдедегі         № 588-ІІ «Электр қуаты  туралы»  занының  25 бабының  1 тармағына  сәйкес,  2005 жылдың   25 қаңтарында «Жетысу  Энерготрейд» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  құрылды. Бұл бөлінудің себебі,  нарықтық  механизмге  сай   бәсекелес ортаны  құрып,   электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға ықпал етеді. «Жетысу  Энерготрейд» ЖШС  Жетісу облысының тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз ететін  электрмен жабдықтау  ұйымы болып табылады.

"Жетысу Энерготрейд" ЖШС ұжымы


«Жетысу  Энерготрейд» ЖШС-ның  құрамына   11 ауданық бөлімше кіреді, олар  электр қуатын  тұтынушы      196 898 абоненттерімен  жұмыс істейді,  олардың 187 551  абоненті жеке тұлға болса,  9659 абоненті заңды тұлға. Елді мекендерінің аралығындағы  жолдардың  жалпы  ұзындығы 13 873 км  құрайды. 

Қазіргі  кезде «Жетысу  Энерготрейд» ЖШС-і  өзінің қызметін  Жетісу облысының  Талдықорған, Текелі қалалары, Алакөл, Сарқан,  Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал, Панфилов, Кербұлақ  аудандарында  атқарады.

«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №212 бұйрығына сәйкес  2023 жылдың 1 шілдесінен  Жетісу облысының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін,  «Жетысу Энерготрейд» ЖШС электр энергиясын  Бірыңғай сатып алушыдан («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС) сатып алады.

Сатып алынған электр қуатын аймақаралық «KEGOC» АҚ, «ТАТЭК» АҚ,  «Каратал Транзит» ЖШС, «Т-Транзит» ЖШС, " НК"  "КТЖ" «Алматинское отделение магистральной сети» АҚ, «УК СЭЗ «Хоргос-Восточные ворота»  АҚ-ы   электр  тасымалдаушы жүйелері  арқылы  тасымалданады.

 

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты