Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Жел мен судың қуатын пайдалана отырып

Жел мен судың қуатын пайдалана отырып

           2020 жылға барлық пайдаланатын  энергияның 3% жаңғыртылған энергия көздері есебінен  қамтамасыз етілуі тиіс. Қымбат, аса қомақты күрделі қаржы жұмсалымын қажет ететін электр станциялары  орнына, еліміз шығыны аз, тұтынушылар мен экологияға пайдалы ықшам желқондырғыларын салуға ниеттеніп отыр. Күн электр станциялары, СЭС және био станциялар. Сонымен  бірге, «жасыл» экономиканы  дамыту тек жеке инвестициялар есебінен жасалмақ. Альтернативті қуат көздерін салу, электр қуатына  деген тапшылықты  қысқартып, кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпіліс беретінін эксперттер  есептеп шығарды.

           Қуатты үнемдеуге және электр қуатын өндіруді біздің облысымызда да үйреніп датыр. Өңіріміз Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысынан кейінгі ЖЭК салудың алдыңғы қатарында.  Күн, жел, су Жетісу өңірі кәсіпкерлерінің жақсы достарына айналды.Табиғи ресурстардың  әлеуетін  пайдаланбай қалу мүмкін емес. Су-жел энергетикасын дамыту үшін облыста арнайы 2006-2020 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама қабылданған болатын.

Істеп тұрған жаңғыртылған энергия көздері жалпы қуаттылығы 749,5 мВт болатын

екі ірі, 16 кіші СЭСтермен және бір  күн станциясымен көрсетілген. Оның ішінде  Мойнақ СЭС, 8 кіші сусианциялары және  Қапшағай  СЭСоблыстық бағдарлама шеңберінде енгізілген.

Бағдарламаны іске асыру  сыртқы қуат көздерінен пайдаланған электр қуатының көлемін 44 % дан  33%-ға дейін  қысқартуға мүмкіндік берді. Ал «жасыл» энергия  үлесі 16,6%дан  27%-ға дйін өсті. Сонымен қатар, облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша  облыста өндірілген электр қуаты жалпы пайдалану көлемін әлі жаба алмайды. Оны жабу үшін ЖЭК әлеуетін екі есе арттыру қажет. Бапғдарлама аясында 2015-2020 жылдапры бірінші кезектегі 33 нысанның тізілімі  ерекшеленіп  отыр. Бұл 30 СЭС, 2 жел және күн станциялары.  17 Компаниялар оны жуық екі жылдың ішінде іске асруды көздеп отыр. Жер телімдері беріліп, қаржы көздері анықталды, жұмыс жасау кестесі мен іске қосу мерзімі бекітілді.

Белгілі компаниялар қазіргі мен болашақ қуатқа меншікті қаржыларын жұмсауға даяр.

«Самрук Энерго» АҚ 40,6 млрд теңге жұмсай отырып,  Райымбек ауданының Шелек өзенінде қуаттылығы 75,6 мВт СЭС салуды жоспарлап отыр. Және екі миллиард  Үлкен Алматы каналы мен Енбекшіқазақ ауданындағы екі СЭС-ке. Осы компания Қапшағай қаласында СЭС, күнэлектростанциясын, Енбекшіқазақ ауданында желстанциясын салады. Тек күн электро станциясына

64 миллиард теңге жұмсамақ. «Энергомост» консорциумы жобаларының келешегі зор. Жасыл экономиканы дамытуға қосқан үлесі – жалпы қуаттылығы 69,9 мВт. болатын  8 СЭС. Басқан және Көксу өзендеріндегі  СЭС каскадтарын салу үшін 25 млрд теңге жұмсалды. Қуаттылығы 12 мВт су станциялары Лепсі өзенінде салынады. Жасыл жобаны Сычев Виктордың басшылығымен  «АСПМК-519» ЖШС іске асыруда. Темірбетон бұйымдары, металл құрылым саласында әйгілі, жауапкершілігі жоғары  бизнессмен альтернативті энергия көздеріне бет бұрды. Келешекте холдинг Ескелді ауданында  8 СЭС салу жөнінде екі жобаны іске асырмақ. Аттары аталған компаниялар  атаулары  болашақ ЖЭК-те екенін білдіреді.Бүгін оларды салып жатқандар  болашаққа салымдар жасап жатыр.

Бұл тоқсаныншы жылдары шынығып, екі мыңыншы жылдары аяқтарына тік тұрған  кәсіпорындар. Олар ақшалар желге, суға және күнге тастады, осы мәселе бойынша мемлекет пен бизнессмендердің мүдделері бір біріне тура келді. Жасыл экономиканы дамыту концепциясына сәйкес  жыл сайын осы салаға 3-4 млрд доллар, 2050 жылға қарай  инвестиция сомасы ЖІӨ-нің 1% -ын құрауы керек. Мемлекет салынған  қаражатты қайтаруға екепілдік бергендіктен, кәсіпкерлер жасыл экономикаға инвестициялар салуға дайын.Заң аясындағы қабылданған өзгерістер сненімділікті күшейтеді: жаңа салынған ЖЭК өндірген  электр қуатынының жалпы көлемін белгіленген бағамен  сатып алу үшін қаржылық-есеп орталығы құрылды.

Қазір инвесторлардан қосымша жел-, су- және күн электр станцияларын салуға

ұсыныстар түсіп жатыр.  Бұл енгізілген өзгерістер нәтижесі. Осы  кезеңде  қырықтан астам компаниялар 96 келешегі бар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Тағы 13-і басқа орындаушылармен  біріге отырып жобаларды қаржыландыруға қатысуды ұсынып отыр. ЖЭК өркениет игілігінен алыстағы шаруа қожалықтарының нағыз құтқарушылары болғандарын атап өткіміз келеді. Ильич шамын жағу үшін,  бүгінгі өлшемдер бойынша ең  арзан емес шаруа ,  бағаналар орнатып, сымдар тартуды күтпей-ақ,  өзіңнің желқұрылғыңды қойсаң болғаны. Сонымен бірге мемлекет жұмсалған қаржының жартысын қайтару үшін қаржылай көмек көрсетеді.  Альтернативті энергия көздерінің дәстүрлілерден айтарлықтай айрмашылығы –шикізаттың мүлдем жоқтығы, демек қалдықтардың жоқтығы.

Мұнай, көмір сияқты қуат көздерінің  әйтеуір бір кезде таусылады,  ал күн, жел, су жер шары айн.алып тұрғанда болатынын  естен шығармағанымыз абзал шығар деп ойлаймын.

 

Жанар Мыктыбаева, Огни Алатау (Талдыкорган), № 58 (16995), 23.05.2015г.

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты