05.07.2023 бастап электр энергиясының жаңа тарифтері

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 192 бұйрығына сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері, сондай-ақ ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің 10.05.2023 жылғы № 28-НҚ, 13.06.2023 жылғы № 44-НҚ, 23.06.2023 жылғы № 50-НҚ бұйрықтарымен энергия беруші ұйымдардың шекті тарифтері көтерілді.
Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің 2023 жылдың 30 маусымдағы № 33-03-03-01/631 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-і Жетісу облысы тұтынушыларына электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 2023 жылдың 05 шілдесінен бастап көтерілетінін хабарлайды.
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС